Жетісу облысында жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысты

Mitsubishi Pajero жеңіл көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен
Sputnik
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Жетісу облысында жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Mitsubishi Pajero жеңіл көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.
"Жол апаты бүгін, 18 мамырда сағат 17:35-те Матай стансасындағы темір жол өткелінде болған", - деп жазылған хабарламада.
Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Қазір жүргізушінің жеке басы анықталып жатыр.
Жеңіл көлік жүк пойызымен соқтығысты