АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.
Путин Қазақстан президентіне зор денсаулық, бақ-береке және мемлекеттік қызметінде табыс тіледі, деп хабарлайды Кремль.
Сондай-ақ Путин екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас Ресей мен Қазақстан халықтарының игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.
Еске салайық, бүгін Қазақстан президенті 72 жасқа толды. Дәстүр бойынша президентті ел басшылары құттықтайды.