https://sputnik.kz/20250517/qasym-zhomart-toqaev-72-zhasqa-toldy-53618112.html
Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды
Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы өзінің туған күнін тойлауды ұнатпайды - оның бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли түсіндіргендей, Тоқаевтар отбасы бұл күнді тойламаған 17.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-17T09:16+0500
2025-05-17T09:16+0500
2025-05-17T09:33+0500
қасым-жомарт тоқаев
президент
мерейтой
https://sputnik.kz/img/07e9/04/18/52807085_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_8a57bac2a37a60c8c4c54f39d74c2d73.jpg
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды.2023 жылы мемлекет басшысы мерейтойын тойлаудан бас тартып, Қытайға сапармен барды.Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылдың 17 мамырында Алматыда жазушы Кемел Тоқаев пен Алматы шет тілдері педагогикалық институтының қызметкері Тұрар Шабарбаеваның отбасында дүниеге келген.Президенттің ерекше қос есімі бар. Ағасының құрметіне Қасым есімі берілсе, шешесі есімін Жомарт деп қойған.Қасым-Жомарт Тоқаев Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназияны бітірген. Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқып, оны 1975 жылы тәмамдаған.Қазақстан басшысы бес тіл біледі: қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдері. Тоқаев көркем әдебиетті, саяси әдебиеттерді, естеліктерді оқығанды ұнатады.Тоқаев баспасөзге үнемі шолу жасайтын әдеті бар екенін де мойындады.Тоқаев – салауатты өмір салтын ұстанады. Ол 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарған, әлі де жақсы формада және жас ойыншылармен бәсекеге түсе алады.Тоқаев әдетте туған күнін тойламайды, мұны отбасылық дәстүр деп түсіндіреді.
https://sputnik.kz/20230515/toqaev-tugan-kuni-34899047.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/18/52807085_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_136513e9c252cd4bf366f98b754e9b05.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, президент, мерейтой
қасым-жомарт тоқаев, президент, мерейтой
Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды
09:16 17.05.2025 (жаңартылды: 09:33 17.05.2025) Мемлекет басшысы өзінің туған күнін тойлауды ұнатпайды - оның бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли түсіндіргендей, Тоқаевтар отбасы бұл күнді тойламаған
АСТАНА, 17 мамыр - Sputnik. Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды.
2023 жылы мемлекет басшысы мерейтойын тойлаудан бас тартып, Қытайға сапармен барды.
"Бұл президенттің принципті ұстанымы", - деп хабарлады баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде.
Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылдың 17 мамырында Алматыда жазушы Кемел Тоқаев пен Алматы шет тілдері педагогикалық институтының қызметкері Тұрар Шабарбаеваның отбасында дүниеге келген.
Президенттің ерекше қос есімі бар. Ағасының құрметіне Қасым есімі берілсе, шешесі есімін Жомарт деп қойған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназияны бітірген. Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқып, оны 1975 жылы тәмамдаған.
Қазақстан басшысы бес тіл біледі: қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдері. Тоқаев көркем әдебиетті, саяси әдебиеттерді, естеліктерді оқығанды ұнатады.
Тоқаев баспасөзге үнемі шолу жасайтын әдеті бар екенін де мойындады.
"Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, керекті жазбаларды түртіп аламын. Егер басылым өзекті мәселе көтерсе, нақты тапсырмалар беремін", - дейді ол.
Тоқаев – салауатты өмір салтын ұстанады. Ол 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарған, әлі де жақсы формада және жас ойыншылармен бәсекеге түсе алады.
Тоқаев әдетте туған күнін тойламайды, мұны отбасылық дәстүр деп түсіндіреді.