"Сақалдыны Шерзатпен шатастырдым": сотталушы Шыңғыс Белғожақовтан жауап алынды

Ол пышақты Қаржаубайды қорқыту үшін алып шыққанын айтты
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 мамыр - Sputnik. Бүгін екінші тыңдалымда сотталушы Шыңғыс Белғожақовтан жауап алынды. Ол тергеушілерден қысым көргенін айтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Белғожақов сотта Шерзатты мылтық атқан сақалды біреумен шатастырғанын айтты.
"Бізге Қаржаубай пышақпен ұмтылды. Оның қолында кішкентай емес ас үйдің пышағы болды", - дейді сотталушы.
Оның айтуынша ол Шерзатты шатастырып алған.
"Мылтық атқан сақалды адамды ұрам деп Шерзатты ұрыппын. Бұған дейінге жауап алғанда не айтқаным есімде жоқ. Тергеушілер тарапынан қысым көрдім", - дейді Белғожақов.
Ол мылтықты сақалдыдан жұлып алып лақтырғанын, ал пышақты Қаржаубайды қорқыту үшін алып шыққанын айтты.
Еске салай кетейік, Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы тікелей эфирде өтіп жатыр. 9 сотталушының біреуі кәмелетке толмаған.
Шерзаттың ісі: сотталушы Тоқтаубаев досын жазаға тарту үшін жалған айғақ берген