АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Татарстан астанасында өтіп жатқан KazanForum-ға Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев басқарған Қазақстан прокуратура органдарының делегациясы қатысты.
Жиында Египет, Индонезия, Ирак, Қырғызстан, Мали, БАӘ, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстанның өкілдері шетелдік инвестициялардың адал бизнесінің заңдылығымен құқықтарын сақтау мәселелерін талқылап, осы салада өзара тәжірибе алмасты.
Ғалымжан Қойгелдиев ел үшін маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз ететінін атап өтті.
"Негізгі құралдардың бірі "прокурорлық сүзгі". Оның негізінде мемлекеттік органдарға прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, әкімшілік жауапкершілікке тартуға, оның қызметін тоқтуға, лицензияны қайтарып алуға, келісімшартты бұзуға және сотқа талап қоюға тыйым салу болып табылады. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап бұл тетік заңнамалық түрде бекітілді", - дейді Бас прокуратура.
Сонымен қатар халықаралық форумда шетелдік компаниялар Қазақстанда бизнес пен инвестиция салуға шақырылды.
Бұдан бөлек Ресей, БАӘ, Ирак және Түркиялық әріптестермен екіжақты кездесулер өтті, онда қылмысқа қарсы күрес және іздестірілгендерді экстрадициялау бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.