АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға Глубокое ауданы Тарханка ауылында 13 мамырда болған.
"Lada" көлігінің жүргізушісі көше бұрылысында велосипед мінген жасөспірімді қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлайды ведомство.
Көлік жүргізушісі қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, сәуірде Астанада жүк көлігі тұрғын үй ауласында велосипед теуіп келе жатқан алты жасар баланы басып кеткен болатын.