АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен Украинадағы атысты тоқтату әрекетін талқылады, деп хабарлады РИА Новостиге Түркия сыртқы істер министрлігіндегі дереккөз.
Фидан сәрсенбі күні Антальяда украиналық әріптесімен кездесу өткізді.
"Кездесу барысында Украина мен Ресей арасында атысты тоқтату және тұрақты бейбітшілік орнатуға бағытталған талпыныстар талқыланды. Министр Фидан Түркияның бейбітшілікке қол жеткізу үшін делдалдық пен келіссөздерді қоса алғанда, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты", - деді агенттікке ведомстводағы ақпарат көзі.
Еске салайық, бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді бейсенбі күні Түркияда күтетінін мәлімдеді.
Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин жексенбі күні ресейлік және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп, Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шартсыз тікелей келіссөзді қайта бастауды ұсынды.