Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия мен Украина сыртқы істер министрлері атысты тоқтату жайын талқылады

© РИА НовостиКиев қаласы
Киев қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
Түркия министрі ел бейбітшілікке қол жеткізу үшін делдалдық пен келіссөздерді қоса алғанда, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен Украинадағы атысты тоқтату әрекетін талқылады, деп хабарлады РИА Новостиге Түркия сыртқы істер министрлігіндегі дереккөз.
Фидан сәрсенбі күні Антальяда украиналық әріптесімен кездесу өткізді.
"Кездесу барысында Украина мен Ресей арасында атысты тоқтату және тұрақты бейбітшілік орнатуға бағытталған талпыныстар талқыланды. Министр Фидан Түркияның бейбітшілікке қол жеткізу үшін делдалдық пен келіссөздерді қоса алғанда, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты", - деді агенттікке ведомстводағы ақпарат көзі.
Еске салайық, бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді бейсенбі күні Түркияда күтетінін мәлімдеді.
Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин жексенбі күні ресейлік және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп, Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шартсыз тікелей келіссөзді қайта бастауды ұсынды.
НАТО эмблемасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинадағы бейбітшілік бұрынғыдан да жақындай түсті - НАТО өкілі
Жаңалықтар
0