АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Астанада өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше J2 санатындағы 81 келі салмақта ерекше жағдай болып, қос отандасымыз Бексұлтан Құлмырза мен Ғалымжан Смағұлұлы өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.
3 минут 11 секундқа жалғасқан тартысты белдесуде Бексұлтан Құлмырза қарсыласын иппонға түсірді.
Әлем чемпионаты Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.