Кәсіпорындар жұмыскерлерге 672 млн теңге қарыз болып қалған

1,3 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 355,3 млн теңге төленді
Sputnik
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Мемлекеттік еңбек инспекторлары 66 кәсіпорын 1,7 мыңнан астам жұмыскердің жалақысын төлемегенін анықтады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2025 жылдың 1 мамырындағы деректер бойынша жалақы бойынша берешек 672 млн теңгеге жеткен. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда 2,3 мың мәрте еңбек құқығы бұзылған.
"Кәсіпорын басшыларына 1 283 ұйғарым беріліп, 152 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 1,3 мың жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 355,3 млн теңге төленді", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, еңбек заңнамасының сақталуына 1 891 тексеру жүргізілді, оның барысында 2 338 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
еңбек саласында – 1 920;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 401;
халықты жұмыспен қамту бойынша – 17.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Елімізде мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейді