https://sputnik.kz/20250503/elimizde-mugalimderdin-zhalaqysy-bes-zhylda-100-ga-kobeydi-53130785.html
Елімізде мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейді
Елімізде мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейді
Sputnik Қазақстан
Ауылдық жерлерде мұғалімдердің жалақысы қаладағы жалақыдан кем дегенде 25%-ға жоғары 03.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-03T15:29+0500
2025-05-03T15:29+0500
2025-05-03T15:29+0500
мұғалім
мұғалімдер жалақысы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0a/18103508_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_5420a192bc742b0e4fec9bbc498dca7a.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. 2024-2025 оқу жылының басында елімізде 8 мыңға жуық мектеп жұмыс істейді, онда 3,9 млн-нан астам оқушы, оның ішінде 352 мың бірінші сынып оқушылары оқиды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Үкіметтің хабарлауынша, 2024-2025 оқу жылында еліміздің мектептерінде 406 мың педагог жұмыс істейді — өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға артық. 2020 жылдан бастап педагог мәртебесін көтеру саясаты шеңберінде мұғалімдердің жалақысы 100%-ға көбейді.2023 жылы мектепке дейінгі тәрбиешілер мен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне қосымша үстемеақылар, сондай-ақ біліктілік санаттары, еңбек өтілі, еңбек жағдайлары, академиялық дәрежесінің болуы және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар енгізілді.Ауылдық жерлерде мұғалімдердің жалақысы қаладағы жалақыдан кем дегенде 25%-ға жоғары. 2025 жылы 11 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың шамамен 58%-ы ауыл мұғалімдері. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап аттестаттау процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының жаңа платформасы жұмысын бастады.Цифрландыруға көп көңіл бөлінуде: 1757 мектепте STARLINK спутниктік интернеті қосылған және барлық оқулықтар цифрландырылып, 11 цифрлық платформада қол жетімді.
https://sputnik.kz/20250304/mugaliderdin-zhalaqysy-songy-5-zhylda-qalay-osti---resmi-derek-51338997.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0a/18103508_455:417:2629:2048_1920x0_80_0_0_08497f722dd3c9414fb66c020f514611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, мұғалімдер жалақысы
мұғалім, мұғалімдер жалақысы
Елімізде мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейді
Ауылдық жерлерде мұғалімдердің жалақысы қаладағы жалақыдан кем дегенде 25%-ға жоғары
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. 2024-2025 оқу жылының басында елімізде 8 мыңға жуық мектеп жұмыс істейді, онда 3,9 млн-нан астам оқушы, оның ішінде 352 мың бірінші сынып оқушылары оқиды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкіметтің хабарлауынша, 2024-2025 оқу жылында еліміздің мектептерінде 406 мың педагог жұмыс істейді — өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға артық. 2020 жылдан бастап педагог мәртебесін көтеру саясаты шеңберінде мұғалімдердің жалақысы 100%-ға көбейді.
2023 жылы мектепке дейінгі тәрбиешілер мен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне қосымша үстемеақылар, сондай-ақ біліктілік санаттары, еңбек өтілі, еңбек жағдайлары, академиялық дәрежесінің болуы және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар енгізілді.
Ауылдық жерлерде мұғалімдердің жалақысы қаладағы жалақыдан кем дегенде 25%-ға жоғары. 2025 жылы 11 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, олардың шамамен 58%-ы ауыл мұғалімдері. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап аттестаттау процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының жаңа платформасы жұмысын бастады.
Цифрландыруға көп көңіл бөлінуде: 1757 мектепте STARLINK спутниктік интернеті қосылған және барлық оқулықтар цифрландырылып, 11 цифрлық платформада қол жетімді.