Сібір жарасы көмілген жердің 200-ден астамы талапқа сай емес

Бұл мақсатқа бюджеттен қаржы бөлініп, демеушілер тартылып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 13 мамыр - Sputnik. Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін сібір жарасының көздері көмілген жерлер әлі де бар, деп хабарлайды "АПК Новости".
Бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер тарапынан "Қазақстанда мұндай көму орындары қанша және олар қашан ретке келтіріледі?" деген сұрақ қойылды.
"Бұл бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылдан бастап комиссия құрылды. Бүгінгі күнге дейін олар аймақтарды аралап, 340 нысан сәйкестендірілді. 200-ге жуық орын қалды. Ветеринария бұл мәселені бақылауда ұстап отыр", - деп жауап берді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Ол бұл мақсатқа бюджеттен қаржы бөлінетінін, сондай-ақ демеушілер тартылатынын айтты.
Атыраудағы базарлардың бірінен сібір жарасы анықталды