Қой еті қымбаттап кетті – АШМ түсініктеме берді

Экспортқа тек тауарлық қойлар сатылады
Sputnik
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қой еті не себепті қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Қазақстаннан қой етінің экспорты ұлғайды. Соның нәтижесінде баға да өсіп кетті.
"Мәселен, Түркия мен Тәжікстан жақсы алып жатыр. Сосын қазақстандық еттің сапасы жақсы ғой. Оны бәрі біліп отыр. Өзбекстан болса, малды емес, етпен ала бастады. Ал сыртта сұраныс көбейгесін ішкі нарықта баға өзгереді", - деді Сұлтанов журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, төлдейтін малды сыртқы шығаруға болмайды. Экспортқа тек тауарлық қойлар сатылады. Ал жергілікті билік бағаны ұстап тұру үшін тиісті шараларды қолға алуы қажет.
"Мысалы, Алматы қаласында үлкен сұраныс болды. Біз оларға Түркістан облысындағы ірі шаруашылықпен байланыс орнатуға көмектестік. Бүгінде сол шаруашылық Алматыға қойды көптеп жеткізуге кірісті", - деді Сұлтанов.
Картоп қашан арзандайды