https://sputnik.kz/20250513/qoy-eti-qymbattap-ketti--ashm-tusinikteme-berdi-53502404.html
Қой еті қымбаттап кетті – АШМ түсініктеме берді
Қой еті қымбаттап кетті – АШМ түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Экспортқа тек тауарлық қойлар сатылады 13.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-13T17:35+0500
2025-05-13T17:35+0500
2025-05-13T17:35+0500
ет
министрлік
https://sputnik.kz/img/1123/34/11233447_0:108:2049:1260_1920x0_80_0_0_e6b741299b7dd4549624fc48d4940af0.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қой еті не себепті қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде Қазақстаннан қой етінің экспорты ұлғайды. Соның нәтижесінде баға да өсіп кетті.Оның айтуынша, төлдейтін малды сыртқы шығаруға болмайды. Экспортқа тек тауарлық қойлар сатылады. Ал жергілікті билік бағаны ұстап тұру үшін тиісті шараларды қолға алуы қажет."Мысалы, Алматы қаласында үлкен сұраныс болды. Біз оларға Түркістан облысындағы ірі шаруашылықпен байланыс орнатуға көмектестік. Бүгінде сол шаруашылық Алматыға қойды көптеп жеткізуге кірісті", - деді Сұлтанов.
https://sputnik.kz/20250513/kartop-qashan-arzandaydy-53491366.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1123/34/11233447_112:0:1935:1367_1920x0_80_0_0_9f63fb06e11d7bd66d86ec385489afc4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ет, министрлік
Қой еті қымбаттап кетті – АШМ түсініктеме берді
Экспортқа тек тауарлық қойлар сатылады
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қой еті не себепті қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Қазақстаннан қой етінің экспорты ұлғайды. Соның нәтижесінде баға да өсіп кетті.
"Мәселен, Түркия мен Тәжікстан жақсы алып жатыр. Сосын қазақстандық еттің сапасы жақсы ғой. Оны бәрі біліп отыр. Өзбекстан болса, малды емес, етпен ала бастады. Ал сыртта сұраныс көбейгесін ішкі нарықта баға өзгереді", - деді Сұлтанов журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, төлдейтін малды сыртқы шығаруға болмайды. Экспортқа тек тауарлық қойлар сатылады. Ал жергілікті билік бағаны ұстап тұру үшін тиісті шараларды қолға алуы қажет.
"Мысалы, Алматы қаласында үлкен сұраныс болды. Біз оларға Түркістан облысындағы ірі шаруашылықпен байланыс орнатуға көмектестік. Бүгінде сол шаруашылық Алматыға қойды көптеп жеткізуге кірісті", - деді Сұлтанов.