АЛМАТЫ, 13 мамыр - Sputnik. Ақмола облысында үй жанында қоқыс өртегендерге 760 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
18 саяжай тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Үй жанында қоқыс өртегендерге айыппұл салынды
© Photo : төтенше жағдайлар министрлігі
"Саяжай алаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы 766 740 теңге құрады. Өткен аптада ғана Ақмола облысында 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 10-ы айыппұл түрінде және 8-і ескерту түрінде", - дейді ведомство.
Өрт қаупі жоғары маусымның басынан бастап облыс аумағында саяжай учаскелерінде 1 өрт және орманды дала алқаптарында 139 өрт оқиғасы тіркелді.
Айта кетейік, егер үйіңіздің жанынан 50 метр аз қашықтықта қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді өртесеңіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға сәйкес 5 АЕК (18 345 тг) дейін айыппұл төлейсіз.