760 мың теңге: үй жанында қоқыс өртегендерге айыппұл салынды

© Photo : төтенше жағдайлар министрлігіҮй жанында қоқыс өртегендерге айыппұл салынды
Үй жанында қоқыс өртегендерге айыппұл салынды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Жазылу
18 саяжай тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АЛМАТЫ, 13 мамыр - Sputnik. Ақмола облысында үй жанында қоқыс өртегендерге 760 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
18 саяжай тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
© Photo : төтенше жағдайлар министрлігіҮй жанында қоқыс өртегендерге айыппұл салынды
Үй жанында қоқыс өртегендерге айыппұл салынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Үй жанында қоқыс өртегендерге айыппұл салынды
"Саяжай алаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы 766 740 теңге құрады. Өткен аптада ғана Ақмола облысында 18 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 10-ы айыппұл түрінде және 8-і ескерту түрінде", - дейді ведомство.
Өрт қаупі жоғары маусымның басынан бастап облыс аумағында саяжай учаскелерінде 1 өрт және орманды дала алқаптарында 139 өрт оқиғасы тіркелді.
Айта кетейік, егер үйіңіздің жанынан 50 метр аз қашықтықта қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді өртесеңіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға сәйкес 5 АЕК (18 345 тг) дейін айыппұл төлейсіз.
Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Өскеменде өрт сөндіруші үшінші қабаттан құлады – желіде видео тарады
Жаңалықтар
0