Қызылордада шығармашылық академия ашылды

Мұнда түрлі бағыт бойынша 40-қа жуық үйірме жұмыс істейді
Sputnik
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысында балаларға арналған жаңа шығармашылық академия ашылды, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Академия бір мезгілде 500, ал тәулігіне 3 мыңға дейін оқушыны қабылдай алады. Ғимараттың іші ғылыми-техникалық, спорттық-сауықтыру және жүзу бассейндеріне арналған блоктарға бөлінген.
Мұнда ғылым, инженерия, шығармашылық, өнер, тарих, өлкетану, цифрлық технологиялар мен спорт бағыттары бойынша 40-қа жуық үйірме жұмыс істейді.
Жаңа академияны оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аралап шықты.
Облыста тағы 200 орындық оқушылар сарайы мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен Қызылорда қаласында 300 орындық жазғы демалыс лагері де бой көтереді.
​​Оқушылар аттестатты қашан алады