​​Оқушылар аттестатты қашан алады

© Sputnik / Тимур БатыршинОқушы аттестаты
Оқушы аттестаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2025
Жазылу
Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде өткізіледі
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. 2024–2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі, сондай-ақ қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады.
11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша түрде өткізіледі.
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 18-20 маусым аралығында өтеді.
Открытие школьного учебного заведения в Астане  в рамках национального проекта Комфортная школа - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2024
Оқу жылы басталғаннан бері елімізде 106 жаңа мектеп ашылды
Жаңалықтар
0