АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Тегеранда "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының делегациясы Иран, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия темір жол әкімшіліктерінің өкілдерімен алтыжақты кездесуге қатысты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Кездесу Қытай-Қазақстан-Өзбекстан-Түрікменстан-Иран-Түркия/Еуропа көлік дәлізін дамытудағы маңызды кезең болды", - делінген хабарламада.
Тараптар тасымалдауды ұлғайтуға келісті, бәсекеге қабілетті тарифтерді бекітті және тасымалдаудың негізгі параметрлерін, соның ішінде жалпы жеткізу уақытын келісті.
Компаниядағылар 2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан арқылы Қытай-Иран бағыты бойынша контейнерлік тасымалдау 2,6 есеге өскенін хабарлады.