Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Путиннің Украинамен келіссөз жүргізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді

Путин Ыстанбұлда Украинамен тікелей келіссөз жүргізуді ұсынды
Sputnik
АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путиннің Украинамен тікелей келіссөз жүргізу туралы ұсынысы Мәскеу мен Киев үшін ұлы күн болуы мүмкін, деп санайды Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Ресей мен Украина үшін ұлы күн болуы мүмкін. Қаншама жүздеген мың адам аман қалады. Соғыс аяқталады деп үміттенеміз", - деп атап өтті Ақ үй басшысы.
Оның пікірінше, "бұл мүлдем жаңа және әлдеқайда жақсы әлем болады".
"Мен бұлай болатынына көз жеткізу үшін екі тараппен де жұмыс істеуді жалғастырамын. Өз кезегінде АҚШ қалпына келтіру мен саудаға назар аударуды ойлайды", — деп қосты Трамп.
Владимир Путин 10 мамырда ресейлік және шетелдік БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйлеп, Киевке 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шарттарсыз тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Ыстанбұлда Украинамен тікелей келіссөз жүргізуді ұсынды