АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сапар аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері жоғары деңгейде талқыланады.
Қазақстанға Абу-Дабидің тақ мұрагері ресми сапармен келді
© Photo : ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі мемлекеттің басшылығы тауар айналымын $1 млрд-қа дейін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауда.