Тоқаев Кувейттің тақ мұрагерімен кездесті

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Кувейттің тақ мұрагерімен кездесті
Тоқаев Кувейттің тақ мұрагерімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің" бірінші саммиті аясында Кувейт мемлекетінің тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-кувейт ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы Кувейтпен байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі және барлық басым бағыт бойынша өзара іс-әрекетке тың серпін беруге дайын.
Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах Астана мен Әл-Кувейт арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеует бар екенін жеткізді.
Тоқаев Жидда қаласына жұмыс сапарымен барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2023
Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды
Жаңалықтар
0