Петропавлда Мағжан Жұмабаев орталығы бой көтереді

Sputnik
АЛМАТЫ, 11 мамыр - Sputnik. Петропавлда мәдени-ағартушылық бағыттағы "Мағжан орталығы" ашылады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
Орталықтың жанында жаңа жайлы сквер салынады, ол сөзсіз қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналады, дейді әкімдіктегілер.
Жалпы Петропавлда 74 сквердің құрылысы мен Конституция көшесін жаңғырту басталды.
Өткен жылғы су тасқынынан зардап шеккен Ойқала шағын ауданы мен Былғары кентінде 74 скверді салу бойынша ауқымды жұмыстар басталды.
"Жобаға барлық аудандар мен қалалық ұйымдар қатысуда. Бірлескен күш-жігермен 2000 ағаш отырғызылып, шағын архитектуралық формалар, орындықтар, жарықтандыру, серуендеу аймағы орнатылады. Футзалға арналған екі модульдық спортзал салынып, балалар мен спорт алаңдары, волейбол және футбол алаңдары пайда болады", - деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.
Ең ұзын жаяу жүргіншілер аймағы - Қазақстан Конституциясы көшесін қайта жаңғырту басталды. Жоба үш кезеңде жүзеге асады.
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті ашылады