1600-ден астам жауынгер ант берді

Биыл көктемде Қазақстанның әр өңірінен келген жас десантшылар тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілік мүдделерін қорғауға ант берді
Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Десанттық-шабуылдау әскерінің 1600-ден астам жауынгері Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Жас сарбаз курсынан өтіп, Алматы, Жетісу және Қонаев гарнизондарындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарын толықтырған жас сарбаздар әскери ант берді.
Ант бергенге дейін жас сарбаздар әскери бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысып, қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, мемлекеттік-құқықтық, саптық және атыс дайындығын меңгерді.
1600-ден астам жауынгер ант берді
"Отан алдындағы борышты өтеу – әр ер адамның қасиетті парызы. Армиядағы қызмет менің болашағымды айқындауға және тұлғалық қалыптасуыма негіз болады деп ойлаймын", – деді Алматыдан шақырылған қатардағы жауынгер Мирас Ескендір.
Биыл көктемде Қазақстанның әр өңірінен келген жас десантшылар тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілік мүдделерін қорғауға ант берді.
Қонақтар үшін әскери бөлімде қарумен және қарусыз жауынгерлік әдістер көрсетілген арнайы көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіске тарту: Астанада 80 сарбаз әскери марш ырғағымен саптық өнер көрсетті