1600-ден астам жауынгер ант берді

1600-ден астам жауынгер ант берді
1600-ден астам жауынгер ант берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2025
Жазылу
Биыл көктемде Қазақстанның әр өңірінен келген жас десантшылар тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілік мүдделерін қорғауға ант берді
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Десанттық-шабуылдау әскерінің 1600-ден астам жауынгері Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Жас сарбаз курсынан өтіп, Алматы, Жетісу және Қонаев гарнизондарындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарын толықтырған жас сарбаздар әскери ант берді.
Ант бергенге дейін жас сарбаздар әскери бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысып, қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, мемлекеттік-құқықтық, саптық және атыс дайындығын меңгерді.
1600-ден астам жауынгер ант берді
1600-ден астам жауынгер ант берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2025
1600-ден астам жауынгер ант берді
"Отан алдындағы борышты өтеу – әр ер адамның қасиетті парызы. Армиядағы қызмет менің болашағымды айқындауға және тұлғалық қалыптасуыма негіз болады деп ойлаймын", – деді Алматыдан шақырылған қатардағы жауынгер Мирас Ескендір.
Биыл көктемде Қазақстанның әр өңірінен келген жас десантшылар тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілік мүдделерін қорғауға ант берді.
Қонақтар үшін әскери бөлімде қарумен және қарусыз жауынгерлік әдістер көрсетілген арнайы көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Ұлттық ұлан Ұлы Жеңістің 80 жылдығын патриоттық акциямен атап өтті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіске тарту: Астанада 80 сарбаз әскери марш ырғағымен саптық өнер көрсетті
Жаңалықтар
0