АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота айналымға шығады, деп хабарлайды ұлттық банк.
Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген.
Мерейтойлық банкнотаның дизайны туралы
Банкноталардың түсі – қоңыр-сарғылт.
Алдыңғы бетінде:
28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағы Даңқ мемориалы бейнеленген;
Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі.
Номиналы 1 000 теңгелік жаңа үлгідегі мерейтойлық банкнота айналымға шығады
Екінші бетінде:
тарихи мұрағаттық суреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген;
ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені көрсетілген.
Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдауға жарамды.
Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Республиканың барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.