Жеңістің 80 жылдығы

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін "үй жағдайындағы" Жеңіс парадын ұйымдастырды

Қазіргі таңда Жамбыл облысында бар болғаны бес соғыс ардагері тұрады
Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Жамбыл облысында Жеңістің 80 жылдығына қарсаңында Тараз гарнизоны әскери бөлімшелерінің қызметшілері ардагерлер үшін "үй жағдайында" ерекше парад ұйымдастырды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

"Бұдан бірнеше жыл бұрын, орталық алаңдағы парадқа бару ардагерлер үшін қиындық туғызғанда, құрлық әскерлерінің "оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы олардың үйлерінің алдында шағын парадтар өткізуді бастаған болатын. Бұл дәстүр кейінгі жылдары тұрақты түрде жалғасын тауып келеді", - дейді министрік.

Биыл бұл шара ауқымдырақ өтті. Оған "оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерімен қатар, Әуе қорғанысы күштерінің, атап айтқанда, Ұшқышсыз ұшу аппараттары мамандарын даярлау оқу орталығының әскери қызметшілері, ҰҚК шекара қызметі департаменті мен ұлттық ұлан өкілдері де қатысты.
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды
Қазіргі таңда Жамбыл облысында бар болғаны бес майдангер тұрады. Олардың барлығы Тараз қаласында тұрып жатыр. Жастары ұлғайғандықтан, бұқаралық іс-шараларға қатыса алмайды. Әскери шеру ардагерлер тұратын аулаларда өтті.
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды
Ардагерлер аулаға шығып, салтанатты шеруді өз көздерімен тамашалады. Бұл оларға ерекше әсер етті.
Қорғаныс министрінің атынан әр ардагерге естелік сыйлық пен құттықтау хаты табыс етілді.
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды
Ардагерлерге облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, мектеп оқушылары, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері де келіп, гүлдер мен сыйлықтарын табыстады.
Жеңістің 80 жылдығы
Соғыс ардагерлеріне жалпы сомасы 545 млн теңге біржолғы материалдық көмек берілді