Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Соғыс ардагерлеріне жалпы сомасы 545 млн теңге біржолғы материалдық көмек берілді

© Sputnik / Стрингер ИА Новости-КазахстанАстанадағы әскери шеру
Астанадағы әскери шеру - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жазылу
8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 105 соғыс ардагері, сондай-ақ жеңіске үлес қосқан 40 707 азамат тұрады
АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне 109 ардагерге жалпы сомасы 545 млн теңге біржолғы материалдық көмек төленді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне бүкіл ел бойынша жергілікті атқарушы органдар ҰОС ардагерлеріне бірыңғай мөлшерде – 5 млн теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті", - деді Олжас Анафин.
ҰОС-да жеңіске үлес қосқан азаматтардың басқа санаттарына да 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілді. Вице-министр 2025 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 105 соғыс ардагері, сондай-ақ жеңіске үлес қосқан 40 707 азамат тұратынын хабарлады. Олардың ішінде:
Қоршаудағы Ленинград тұрғындары - 64 адам;
концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 129 адам;
ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайы - 1638 адам;
ҰОС – да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері - 2 адам;
тыл еңбеккерлері - 38 874 адам бар.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС ардагерлері үшін алынатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері 271 802 теңге, ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері үшін – 179 800 теңге болды.
Соғыс ардагерлеріне және жеңіске үлес қосқан басқа да санаттарға "Жеңістің 80 жылдығы" мерейтойлық медальдар табыс етілді.
Алматыда соғыс ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығы естелік медальдары табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Алматыда ардагерлерге "Жеңістің 80 жылдығы" естелік медальдары табысталды
Жаңалықтар
0