Павлодарда тарихи ескерткішті мазақ еткен жасөспірімдердің ісі сотта қаралады

Бейнежазбада оқушылар оғаш би билеп, жағымсыз қылық көрсетеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 мамыр - Sputnik. Павлодарда жасөспірімдер Жеңіс мемориалын мазақ еткен. Оқушылардың қылықтары әлеуметтік желіде тарады. Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.
Бейнежазбада оқушылар оғаш би билеп, жағымсыз қылық көрсетеді. Жасөспірімдердің бұл қылығы қоғамның наразылығын тудырды. Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген.

"Заңсыз әрекеттері үшін кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тиісінше балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - дейді облыстық полиция департаменті.

Сонымен қатар Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға ұсыныс жолданды.
Жеңістің 80 жылдығы
Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта ашылды