Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта ашылды

© Photo : Бас прокуратураЖамбыл облысында Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта ашылды
Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жазылу
Мерекелік шара Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай батырдың туған жерінде өтті
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысының Жуалы ауылында Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай, батырдың туған жерінде — аудан прокуратурасы ғимаратының алдында ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
© Photo : Бас прокуратураЖамбыл облысында Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта ашылды
Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш тақта ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлына ескерткіш тақта ашылды
Сондай-ақ прокуратура ғимаратында Бауыржан Момышұлының өмір жолын және майдандағы ерлігін қамтитын естелік бұрышы ашылды.
Айта кету керек, өткен ғасырдың 30-жылдары Бауыржан Момышұлы Жуалы ауданының прокуроры болып қызмет атқарған.

"Бұл – жай ғана тағзым емес, бұл – ерлік, ар-намыс пен патриотизмнің символы. Батырдың "Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды" деген сөзі — Отанға қызмет етіп жүрген әрбір жан үшін мәңгілік бағдаршам", - деді Бас прокурор Берік Асылов.

Сонымен қатар Жамбыл облысы прокуратурасының Тараз қаласындағы ғимаратының алдында соғысқа қатысқан батырларға арналған тағы бір ескерткіш тақта ашылды. Онда Бауыржан Момышұлы мен соғыстың ең қиын жылдарында құқықтық тәртіпті қалыптастыруға үлес қосқан басқа да прокурорлардың есімдері жазылған.
Жеңіске 80 жыл: Шығыс Қазақстанда жаңа музей мен мұрал пайда болады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіске 80 жыл: Шығыс Қазақстанда жаңа музей ашылады
Жаңалықтар
0