Жеңістің 80 жылдығы

Алматыда ардагерлерге "Жеңістің 80 жылдығы" естелік медальдары табысталды

Ардагерлердің әрқайсысына қала әкімі Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жеке алғыс хатын оқыды
Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Қала басшысы 9 мамыр қарсаңында Алматы ардагерлеріне "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылы" естелік медальдарын табыс етті, деп хабарлайды әкімдік.
Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 105 ардагері қалды.

"Әкім ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысын білдірді", - делінген хабарламада.

Жеңіс күні, 9 мамырда Ольга Андреевна Савенко 102 жасқа толады. Ол Беларусь майданында болып, Варшава мен Берлин үшін шайқастарға қатысқан.
Алматыда ардагерлерге Жеңістің 80 жылдығы естелік медальдары табысталды
Екатерина Баранова – 1-ші Украина майданының медбикесі, ордендермен және медальдармен марапатталған.
Алматыда ардагерлерге Жеңістің 80 жылдығы естелік медальдары табысталды
Камбар Сәрсенов Беларусь, Латвия және Польша майдандарында соғысып, үш рет жараланды. Отан соғысы, Даңқ және Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері. Соғыстан кейін Алматыда энергетика саласында жұмыс істеді.
Алматыда ардагерлерге Жеңістің 80 жылдығы естелік медальдары табысталды
Василий Долбня Қиыр Шығыста барлаушы қызметін атқарды, ерлігі үшін көптеген марапаттарға ие болды. Ол Жеңіс күнін отбасымен бірге атап өтеді.
Алматыда Ұлы Отан соғысының 21 ардагері тұрады. Қала әкімінің өкімі бойынша әрбір ардагерге Жеңістің 80 жылдығына орай 5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріледі.
Жеңістің 80 жылдығы
Түркістан облысында 101 жасқа толған соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді