Жеңістің 80 жылдығы

Алматыда ардагерлердің құрметіне 8 аллея ашылды

Саябақта биіктігі 6 метр болатын 29 жөке ағашы отырғызылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 мамыр – Sputnik. Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай "Таза Қазақстан" бағдарламасы мен "Алматы – біздің ортақ үйіміз" акциясы аясында қаланың барлық ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясы ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Орталық іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті.
Саябақта биіктігі 6 метр болатын 29 жөке ағашы отырғызылды. Әр ағашта майдангерге арналған аты жазылған тақтайша бар. Жөке ағашы ұзақ өмірдің, төзімділіктің және есте сақтаудың символы ретінде таңдалған. Жалпы қала бойынша 200 осындай ағаш отырғызылды.
Бұл акция – батырлардың ерлігіне деген құрметтің белгісі және тарихи жадты сақтау жолындағы үлес. Жаңа аллеялар тұрғындар балалары мен немерелерімен келіп, ұлы Жеңіс туралы естелікті келер ұрпаққа жеткізе алатын орынға айналады, дейді ведомство.
Жеңістің 80 жылдығы
Соғыс ардагерлеріне жалпы сомасы 545 млн теңге біржолғы материалдық көмек берілді