Абу Дабидің Тақ мұрагері Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. 1-12 мамыр күндері елімізге Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз барысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасы талқыланып, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла президенті Николас Мадуроны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған болатын.
Жеңістің 80 жылдығы
Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды