https://sputnik.kz/20250508/toqaev-venesuela-prezidentin-qazaqstanga-memlekettik-saparmen-keluge-shaqyrdy-53336841.html
Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды
Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэланы еліміздің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті 08.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-08T19:16+0500
2025-05-08T19:16+0500
2025-05-08T19:17+0500
қасым-жомарт тоқаев
венесуэла
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53336346_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_aa6f2e87c0efeb1ad7252e24d3a1df0f.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайында айтты. Президент Қазақстаннан майданға 1,2 миллион адам аттанып, олардың жартысы ерлікпен қаза тапқанын жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэланы еліміздің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар белгілі себептерге байланысты осы уақытқа дейін екіжақты ынтымақтастық ойдағыдай өрістемегеніне назар аударды. Осы орайда Николас Мадуроны өзара ықпалдастықты талқылау үшін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.Венесуэла Президенті екі ел арасындағы байланыстардың жай-күйін пысықтауға мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізді. Оның айтуынша, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеудің жаһандық маңызы зор. Николас Мадуро Кеңес Одағының құрамында болған халықтар Жеңіске жету жолында негізгі рөл атқарғанына тоқталды.Әңгімелесу барысында экономикалық қарым-қатынасты дамытуға, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастыққа мән берілді.Кездесу қорытындысы бойынша сауда-саттықты жандандыру мақсатында экспортқа лайық өнімдердің тізбесін әзірлеу және өзара алмасу, екі елдің іскерлік орталары арасында нақты ықпалдастық орнату жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді
https://sputnik.kz/20250508/toqaev-zhenistin-80-zhyldygyna-arnalgan-merekelik-is-sharalarga-qatysu-ushin-maskeuge-bardy-53325962.html
венесуэла
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53336346_30:0:1193:872_1920x0_80_0_0_44549f7a5598050f78a8c9962532a885.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, венесуэла
қасым-жомарт тоқаев, венесуэла
Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды
19:16 08.05.2025 (жаңартылды: 19:17 08.05.2025) Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэланы еліміздің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венесуэла Президенті Николас Мадуро кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайында айтты. Президент Қазақстаннан майданға 1,2 миллион адам аттанып, олардың жартысы ерлікпен қаза тапқанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэланы еліміздің маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар белгілі себептерге байланысты осы уақытқа дейін екіжақты ынтымақтастық ойдағыдай өрістемегеніне назар аударды. Осы орайда Николас Мадуроны өзара ықпалдастықты талқылау үшін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Венесуэла Президенті екі ел арасындағы байланыстардың жай-күйін пысықтауға мүмкіндік туғанына қуанышты екенін жеткізді. Оның айтуынша, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеудің жаһандық маңызы зор. Николас Мадуро Кеңес Одағының құрамында болған халықтар Жеңіске жету жолында негізгі рөл атқарғанына тоқталды.
Әңгімелесу барысында экономикалық қарым-қатынасты дамытуға, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастыққа мән берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда-саттықты жандандыру мақсатында экспортқа лайық өнімдердің тізбесін әзірлеу және өзара алмасу, екі елдің іскерлік орталары арасында нақты ықпалдастық орнату жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді