Маңғыстау облысында көшеден табылған нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр

Сәби перзентханаға жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik.Маңғыстау облысында көшеден тастанды сәби табылды, деп хабарлайды inAktau.kz.
Облыс полиция департаментінің мәліметінше Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында 3 мамыр күні тұрғын үйдің терезесінің жанынан жаңа туған нәресте табылған.
"Тергеу басталды, полицейлер баланың анасын іздеп жатыр. Сәби перзентханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Өңірлер
Жаңаөзенде көшеден табылған сәбиді балалы бола алмаған отбасы қамқорлығына алды