Өңірлер

Жаңаөзенде көшеден табылған сәбиді балалы бола алмаған отбасы қамқорлығына алды

© Photo : pixabay.comРука младенца, иллюстративное фото
Рука младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыркүйекте анасы көшеге тастап кеткен баланы сәби сүйе алмай жүрген отбасы қамқорлығына алды. Ал баланың биологиялық анасы әлі табылмады

АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Жаңаөзенде көшеден табылған баланы ұзақ жыл бойы сәби сүйе алмаған отбасы қамқорлығына алды.

Анасы тастап кеткен бала жайлы Маңғыстаудың мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сара Ермұханова айтып берді, деп жазды өңірлік Lada.kz басылымы.

"Асырап алатын отбасы нәрестені алғаш рет көруге келгенде бәріміз көз жасымызды тыя алмадық. Бұл кездесуде адамның тағдыры шешілді. Бұл отбасы көп жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген. Анасы тастап кеткен бала туралы жаңалықтардан естіп, бірден асырап алғысы келген екен", - деді ол.

Ермұханованың айтуынша, әзірге отбасы сәбидің тек қамқоршысы болады. Әдетте қамқоршы болған отбасы асырап алушы атанады.

Жаңаөзенде көшеден жаңа туған нәресте табылды

Айта кетейік, 11 қыркүйекте Жаңаөзен көшелерінің бірінен жергілікті тұрғындар анасы тастап кеткен сәбиді тапқан болатын. Ауруханаға жеткізілген кезде сәбидің жағдайы ауыр деп бағаланды, дене қызуы 31 градус болды. Соған қарамастан дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалды.

Бір ай ішінде нәрестені жасанды жолмен тамақтандырды, ол бір келі салмақ жинады. Содан кейін дәрігерлер сәбиді нәрестелер үйіне ауыстыруға шешім қабылдады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәбидің биологиялық анасы әлі күнге дейін табылған жоқ.

Жаңалықтар
0