АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. АҚШ-қа Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жаңа ұсыныстар түскен жоқ, ал келіссөздердегі жағдай өзгермелі күйінде қалып отыр, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс.
Сейсенбі күні журналистер Мемлекеттік департамент өкілінен "АҚШ-қа қақтығысты шешуге қатысты жаңа ұсыныстар түсті ме?" деп сұрады.
"Егер жаңа ұсыныстар түссе, мен бұл жерде жаңа ұсыныстарды күтіп отырмыз деп тұрмас едім", - деп жауап берді Брюс.
Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі сондай-ақ келіссөздердегі жағдай әлі де тұрақсыз екенін, бірақ реттеу мәселелері бойынша талқылаулар жалғасып жатқанын атап өтті.