Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Мемлекеттік департаменті Украина бойынша келіссөздерге қатысты жағдайды баяндады

© AP Photo / Scott ApplewhiteЗдание Государственного департамента США
Здание Государственного департамента США - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. АҚШ-қа Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жаңа ұсыныстар түскен жоқ, ал келіссөздердегі жағдай өзгермелі күйінде қалып отыр, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс.
Сейсенбі күні журналистер Мемлекеттік департамент өкілінен "АҚШ-қа қақтығысты шешуге қатысты жаңа ұсыныстар түсті ме?" деп сұрады.
"Егер жаңа ұсыныстар түссе, мен бұл жерде жаңа ұсыныстарды күтіп отырмыз деп тұрмас едім", - деп жауап берді Брюс.
Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі сондай-ақ келіссөздердегі жағдай әлі де тұрақсыз екенін, бірақ реттеу мәселелері бойынша талқылаулар жалғасып жатқанын атап өтті.
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Минск Украина бойынша келіссөз жалғасуы үшін бәрін жасауға дайын – Беларусь СІМ
Жаңалықтар
0