Жеңістің 80 жылдығы

Жеңіс күніне орай жас десантшыларға арналған шығармашылық байқау өтті

Іс-шараны десанттық-шабуылдау әскерлері ұйымдастырды
Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр-Sputnik. Жас десантшыларға арналған конкурстар Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында өтті. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күндері қарсаңында іс-шараларды десанттық-шабуылдау әскерлері ұйымдастырды.
Жас десантшыларға арналған шығармашылық байқау
Байқау талаптары:
"Отан отбасынан басталады" тақырыбындағы суреттер;
"Менің Отаным" тақырыбында өлең оқу;
"Менің отбасымның бақытты сәттері" сурет байқауы.
"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" тақырыбындағы шығармалар байқауының жеңімпаздары: Айжан Досанова, Еркежан Жұмабай және Анастасия Ипатова.
1 / 5

Жас десантшыларға арналған шығармашылық байқау өтті

2 / 5

Жас десантшыларға арналған шығармашылық байқау өтті

3 / 5

Жас десантшыларға арналған шығармашылық байқау өтті

4 / 5

Жас десантшыларға арналған шығармашылық байқау өтті

5 / 5

Жас десантшыларға арналған шығармашылық байқау өтті

"Суреттер байқауының қатысушы - 12881 әскери бөлімінің әскери қызметшісінің қызы Самат Айханымның суреті өзіне ерекше назар аудартты. Ол қазіргі уақытта Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа қатысушы әкесін, сондай-ақ барлық соғыс ардагерлері мен қарулы күштердің әскери қызметкерлерін мамыр айындағы мерекелерімен құттықтапты", - деді ұйымдастырушылар.

Іс-шараға барлығы 700-ден астам әскери қызметшілердің балалары қатысты. Бұл өскелең ұрпақтың шығармашылық пен патриоттық тәрбиеге деген жоғары қызығушылығын көрсетеді, дейді ұйымдастырушылар.
Жас десантшыларға арналған шығармашылық байқау
Конкурстың барлық ұйымдастырушылары мен қатысушыларына десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының кеңесшісі Кабир Наурушев алғысын білдірді.
Конкурстар балалардың өзін-өзі көрсетуге арналған алаң ғана емес, жастар арасында патриоттық рухты нығайтуға жасалған маңызды қадамға айналды, дейді ұйымдастырушылар.
Жеңістің 80 жылдығы
Оқушылар Жеңіс парадына дайындалып жатқан әскери қызметшілердің далалық лагерінде болды