https://sputnik.kz/20250430/oqushylar-zhenis-paradyna-dayyndalyp-zhatqan-askeri-qyzmetshilerdin-dalalyq-lagerinde-boldy-52998485.html
Оқушылар Жеңіс парадына дайындалып жатқан әскери қызметшілердің далалық лагерінде болды
Оқушылар Жеңіс парадына дайындалып жатқан әскери қызметшілердің далалық лагерінде болды
Sputnik Қазақстан
Балаларға әскери техника мен қару-жарақ және әскерилердің киім үлгілері көрсетілді 30.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-30T12:31+0500
2025-04-30T12:31+0500
2025-04-30T12:31+0500
жеңістің 80 жылдығы
әскери парад
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1e/52998985_0:56:1083:665_1920x0_80_0_0_f1e9733f7c12f6895775ca027f6818d3.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындалып жатқан әскери қызметшілердің далалық лагерінде болды.Оқушылар әскери қызметшілердің далалық жағдайдағы тұрмысын көруге мүмкіндік алды. Олар байланысшылар шатырында, медициналық пунктте болды. Балаларға әскери техника мен қару-жарақ және әскерилердің киім үлгілері көрсетілді.Әскери қызметшілер балаларға өздерінің қызметі мен парадқа дайындығы жайлы әңгімелеп берді. Оқушылар оқу алаңындағы шеруге дайындық жұмыстарын көрді.
https://sputnik.kz/20250430/zhenistin-80-zhyldygyna-arnalgan-paradqa-ushqyshtar-qalay-dayyndalyp-zhatyr-52991003.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1e/52998985_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_62fb41b7a7ee9b8bf6a3ed47e73f0166.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери парад
Оқушылар Жеңіс парадына дайындалып жатқан әскери қызметшілердің далалық лагерінде болды
Балаларға әскери техника мен қару-жарақ және әскерилердің киім үлгілері көрсетілді
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің оқушылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындалып жатқан әскери қызметшілердің далалық лагерінде болды.
Оқушылар әскери қызметшілердің далалық жағдайдағы тұрмысын көруге мүмкіндік алды. Олар байланысшылар шатырында, медициналық пунктте болды. Балаларға әскери техника мен қару-жарақ және әскерилердің киім үлгілері көрсетілді.
Әскери қызметшілер балаларға өздерінің қызметі мен парадқа дайындығы жайлы әңгімелеп берді. Оқушылар оқу алаңындағы шеруге дайындық жұмыстарын көрді.
"Маған экскурсия өте ұнады. Біз заманауи әскери техниканы және соғыс жылдарындағы техниканы, яғни Т-34 танктерін, "Катюшаларды" және зеңбіректерді көрдік. Әсіресе, әскери қызметшілердің қалай жаттығатынын көру қызықты болды. Олар сапта өте сымбатты және нық қадамдар жасайды екен", – деді 4-сынып оқушысы Нұрлыбек Әділханов.