Жеңістің 80 жылдығы

Астанада "Жеңіс лентасы" патриоттық акциясы басталды

"Жеңіс лентасын" тарату науқаны 8 мамырға дейін жалғасады
Sputnik
АСТАНА, 6 мамыр - Sputnik. Астанада Есіл өзенінің жағасында патриоттық акция ұйымдастырылды. "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері Жеңіс лентасы мен төсбелгілерді таратып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Жеңіс лентасын" тарату науқаны 6 мамырда басталып, 8 мамырға дейін жалғасады. Барлығы 30 мың дана Жеңіс лентасын тарату жоспарланған.
"Бұл ленталар – ата-бабамыздың қан майдандағы ерліктерін еске алудың символы. Бұл ленталар біздің алғысымыздың кішкентай символына айналсын", – деді іс-шараға қатысушы.
Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған акция тарихи естеліктерді сақтауға және бейбіт өмір сыйлаған батырлардың ерлігіне құрмет көрсетуге бағытталған.
Жеңістің 80 жылдығы
"Георгий лентасы" халықаралық акциясының 20 жылдық мерейтойы