Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Астанада "Жеңіс лентасы" патриоттық акциясы басталды

© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанада "Жеңіс лентасы" патриоттық акциясы басталды
Астанада Жеңіс лентасы патриоттық акциясы басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Жазылу
"Жеңіс лентасын" тарату науқаны 8 мамырға дейін жалғасады
АСТАНА, 6 мамыр - Sputnik. Астанада Есіл өзенінің жағасында патриоттық акция ұйымдастырылды. "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері Жеңіс лентасы мен төсбелгілерді таратып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Жеңіс лентасын" тарату науқаны 6 мамырда басталып, 8 мамырға дейін жалғасады. Барлығы 30 мың дана Жеңіс лентасын тарату жоспарланған.
"Бұл ленталар – ата-бабамыздың қан майдандағы ерліктерін еске алудың символы. Бұл ленталар біздің алғысымыздың кішкентай символына айналсын", – деді іс-шараға қатысушы.
Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған акция тарихи естеліктерді сақтауға және бейбіт өмір сыйлаған батырлардың ерлігіне құрмет көрсетуге бағытталған.
В России стартовала акция Георгиевская ленточка - прямая трансляция - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
"Георгий лентасы" халықаралық акциясының 20 жылдық мерейтойы
Жаңалықтар
0