Жеңістің 80 жылдығы

Қостанайда полицейлер Жеңістің 80 жылдығына орай автобуста музыкалық акция өткізді

Полицейлер автобуста "Катюша" және "Жеңіс күні" әнін шырқады
Sputnik
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Қостанайда полиция қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына орай музыкалық акция ұйымдастырып, қалалық автобустардың бірінде соғыс жылдарының символына айналған әндерді шырқады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кенеттен басталған ән жолаушыларды күнделікті күйбең тірліктен бір сәтке арылтып, бәрін ортақ әуенге біріктірді. Қарт кісілердің жанарына жас үйіріліп, өткен күндердің елесі көз алдарынан тізіліп өтті. Бұл ән олар үшін әуен ғана емес, жүрекке жазылған естелік еді.
Ал жастар бұл сәтті ұмытпастай етіп, телефондарына түсіріп, есте қалдыруға тырысты. Осылайша, полиция қызметкерлері Жеңіс күнінің мәнін ерекше сезіммен жеткізіп, ән арқылы рухты тірілтті. Бір сәтке болса да жүректерді жақындатқан бұл шара үшін барша жұрт алғыс айтып, бірге ән шырқап, мерекелік көңіл күйге бөленді.
Жеңістің 80 жылдығы
Астанада 7 мамыр күні әскери шеруді қайдан көруге болады