Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Қостанайда полицейлер Жеңістің 80 жылдығына орай автобуста музыкалық акция өткізді

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанский автосалон
Казахстанский автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Жазылу
Полицейлер автобуста "Катюша" және "Жеңіс күні" әнін шырқады
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Қостанайда полиция қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына орай музыкалық акция ұйымдастырып, қалалық автобустардың бірінде соғыс жылдарының символына айналған әндерді шырқады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кенеттен басталған ән жолаушыларды күнделікті күйбең тірліктен бір сәтке арылтып, бәрін ортақ әуенге біріктірді. Қарт кісілердің жанарына жас үйіріліп, өткен күндердің елесі көз алдарынан тізіліп өтті. Бұл ән олар үшін әуен ғана емес, жүрекке жазылған естелік еді.
Ал жастар бұл сәтті ұмытпастай етіп, телефондарына түсіріп, есте қалдыруға тырысты. Осылайша, полиция қызметкерлері Жеңіс күнінің мәнін ерекше сезіммен жеткізіп, ән арқылы рухты тірілтті. Бір сәтке болса да жүректерді жақындатқан бұл шара үшін барша жұрт алғыс айтып, бірге ән шырқап, мерекелік көңіл күйге бөленді.
Астанада 7 мамыр күні әскери шеруді қайдан көруге болады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Астанада 7 мамыр күні әскери шеруді қайдан көруге болады
Жаңалықтар
0