Жеңістің 80 жылдығы

Петропавл қаласында ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Майдангер Фёдор Щеглов Кёнигсберг қаласында ұрыста болған
Sputnik
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Петропавлда ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагері Фёдор Щегловты құттықтады.
Петропавлда ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагерін құттықтады
Фёдор Щеглов Кёнигсберг қаласында ұрыста болған. Ал Палауда өткен қанды қырғында көз алдында майдангер достарынан айырылуы - көңіліне мәңгілік сызат қалдырған. Майдангердің жауынгерлік жорықтағы ерліктері елеусіз қалмады.
II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған.
Майданда танкист болған қария жастарға соғыс жылдарының сұрапыл тұстарын айтып берді.
"Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне елеп-ескергендері үшін алғыс білдіремін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Ең бастысы – соғыс атаулы болмасын", – деді соғыс ардагері.
Петропавлда ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагерін құттықтады
98 жастағы майдангердің үйінің алдында есептік топ саптық шерумен жүріп өтті. Оларды әскери оркестр сүйемелдеді.
Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскері "Жеңіске жүз күн қалғанда" акциясы аясында сарбаздардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіп келеді.
Жеңістің 80 жылдығы
Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі