Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Путиннің Жеңіс күніне орай ұсынған бітімін қабылдамады

Киев режимі шерудегі шетелдік қонақтардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды
Sputnik
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Зеленский Жеңістің 80 жылдығын тойлау кезінде Мәскеудің үш күндік атысты тоқтату туралы ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды РИА Новости.
Ол сондай-ақ Киев режимі 9 мамырда Мәскеуде өтетін шеруде шетелдік қонақтардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын мәлімдеді.
Зеленский 30 күндік атысты тоқтатуды талап етуде, деп хабарлайды БАҚ.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шараларға әр елдің саясаткерлері қатысуды жоспарлап отыр. 9 мамырда Мәскеуде өтетін мерекелік шараларға Молдова мен Украинадан басқа ТМД елдерінің шетелдік делегацияларықатысады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу күндері атысты тоқтататынын мәлімдеді