АЛМАТЫ, 2 мамыр-Sputnik. "Астана-Шымкент" авиарейсі 12 сағатқа кешіктірілді, себебі ұшаққа құстар соқтығысты, деп хабарлайды SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі.
"Шымкент - Астана" рейсі қону кезінде құсқа соқтығысқан. Бүлінген бөлшекті ауыстыру кезінде "Астана - Шымкент" рейсімен ұшуыды жоспарланған жолаушыларға қонақүйге орналастыру ұсынылып, тамақпен қамтамасыз етілді", - дейді компания.
Сондай-ақ, жолаушылардан жағдайға түсіністікпен қарау сұралған.