АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында теміржол көлігімен астық тасымалдау 54%-ға өсіп, 4,7 млн тоннаны құрады, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы.
Оның ішінде 3,7 миллион тонна экспортқа жөнелтілген. Әсіресе, Орталық Азияға, Балтық жағалауы елдеріне және Иранға жеткізілім өсті.
Маркетингтік жылдың басынан бері 9,8 млн тонна астық тасымалданды (+52%), экспорт 7,7 млн тоннаны (+58%) құрады.
ҚТЖ сондай-ақ жүк жөнелтушілерді элеваторларды босатып, жаңа егін жинауға дайындалу үшін мамыр және маусым айларында жүк жөнелтуді жылдамдатуға шақырды.