Жеңістің 80 жылдығы

Астанада Жеңіс күніне орай 3 және 4 мамыр күндері бірқатар көшеде шектеулер енгізіледі

Бұл күндері қаланың бірқатар көшелерімен әскери шеруге қатысатын арнайы техника әкелінеді
Sputnik
АСТАНА, 2 мамыр - Sputnik. Астанада Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ауқымды дайындық басталды. Осыған байланысты 3 және 4 мамыр күндері бірқатар көшеде уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
3 мамыр күні таңғы сағат 5:00-ден 6:30-ға дейін А-334 көшесі бойынша – Ақжол даңғылы-Қошқарбаев даңғылы - Момышұлы даңғылы -Тәуелсіздік даңғылы арқылы әскери техника өтеді. Әскери техникалар жаттығу орнына қарай бағыт алады.
Осыдан кейін сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 көшесі бойынша – Ақжол-Қошқарбаев-Аманжолов-Нәжімеденов бағыты арқылы парадтық жеке құрамды тасымалдау басталады.
"Қосымша, сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлы даңғылынан Панфилов көшесіне дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі – техника уақытша орналасады", - делінген хабарламада.
Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы тұрақ жабылады, сондай-ақ Қуанышбаев, Нәжімеденов, Байтұрсынов және Нұрмағанбетов көшелерінде жеке құрамы бар автобустарды орналастыру үшін жол қозғалысы шектеліп, тұрақ орындары жабылады.
"4 мамырда да қозғалыс жоспары осыған ұқсас болады: таңертеңнен бастап әскери техниканың қозғалысы және шеруге қатысушыларды тасымалдау, 5:00-ден 14:00-ге дейін.3 мамыр күні жабылған көшелерге шектеу енгізіледі, 12:30-дан 14:00-ге дейін – көрсетілген маршрут бойынша техникалар легі қайтарылады", - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталады.
Бұл күндері (3, 4, 7 мамыр) бірқатар автобус маршруттарының қозғалысы да өзгереді.
LRT құрылысы: Астанада 20 сәуірден бастап 5 айға кейбір жол қозғалысы бағыттары жабылады