Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Астанада Жеңіс күніне орай 3 және 4 мамыр күндері бірқатар көшеде шектеулер енгізіледі

© Sputnik / Абзал КалиевЖеңіс күнін мерекелеуге орай 3 және 4 мамыр күндері бірқатар көшеде шектеулер енгізіледі
Жеңіс күнін мерекелеуге орай 3 және 4 мамыр күндері бірқатар көшеде шектеулер енгізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2025
Жазылу
Бұл күндері қаланың бірқатар көшелерімен әскери шеруге қатысатын арнайы техника әкелінеді
АСТАНА, 2 мамыр - Sputnik. Астанада Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ауқымды дайындық басталды. Осыған байланысты 3 және 4 мамыр күндері бірқатар көшеде уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
3 мамыр күні таңғы сағат 5:00-ден 6:30-ға дейін А-334 көшесі бойынша – Ақжол даңғылы-Қошқарбаев даңғылы - Момышұлы даңғылы -Тәуелсіздік даңғылы арқылы әскери техника өтеді. Әскери техникалар жаттығу орнына қарай бағыт алады.
Осыдан кейін сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 көшесі бойынша – Ақжол-Қошқарбаев-Аманжолов-Нәжімеденов бағыты арқылы парадтық жеке құрамды тасымалдау басталады.
"Қосымша, сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлы даңғылынан Панфилов көшесіне дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі – техника уақытша орналасады", - делінген хабарламада.
Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы тұрақ жабылады, сондай-ақ Қуанышбаев, Нәжімеденов, Байтұрсынов және Нұрмағанбетов көшелерінде жеке құрамы бар автобустарды орналастыру үшін жол қозғалысы шектеліп, тұрақ орындары жабылады.
"4 мамырда да қозғалыс жоспары осыған ұқсас болады: таңертеңнен бастап әскери техниканың қозғалысы және шеруге қатысушыларды тасымалдау, 5:00-ден 14:00-ге дейін.3 мамыр күні жабылған көшелерге шектеу енгізіледі, 12:30-дан 14:00-ге дейін – көрсетілген маршрут бойынша техникалар легі қайтарылады", - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталады.
Бұл күндері (3, 4, 7 мамыр) бірқатар автобус маршруттарының қозғалысы да өзгереді.
LRT құрылысы: Астанада 20 сәуірден бастап  5 айға кейбір жол қозғалысы бағыттары жабылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
LRT құрылысы: Астанада 20 сәуірден бастап 5 айға кейбір жол қозғалысы бағыттары жабылады
Жаңалықтар
0